Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 08.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2023 I182805_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23I0003919
- ЭКБ идентификаторы
- 182805
- Редакция идентификаторы
- I182805_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:28
0 2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған:
1) 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
8 Жетісу облысы әкімдігінің
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 171 қаулыға 1- қосымша
2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған субсидиялар нормасы, теңге
1
Қант қызылшасы
25 000
2
Дәндік жүгері
6 000
3
Майлы дақылдар (майбұршақ, күнбағыс, мақсары, рапс)
6 000
4
Қарақұмық
8 000
9 Жетісу облысы әкімдігінің
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 171 қаулыға 2- қосымша
2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
Облыс атауы
Бюджеттік қаражат көлемі, теңге
1.
Жетісу облысы
8 444 000 000
Барлығы
8 444 000 000