Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 08.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2023 182867_751382.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23D0601505
- ЭКБ идентификаторы
- 182867
- Редакция идентификаторы
- 182867_751382
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:28
0 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2 2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы экология
және табиғи ресурстар министрлігі
7 Алматы облысы әкімдігінің
2023 жылғы 8 маусымдағы № 179
қаулысына қосымша
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидиялар сомасы, (мың теңге)
1
2
3
4
5
1.
Балық азықтарына тиесілі субсидиялар
1.1
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
168000 тонна
105
17640,0
1.2
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
72000 тонна
270
19440,0
1.3
Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары
45000 тонна
285
12825,0
1.4
Жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары
36000 тонна
210
7560,0
2.
Тұқы, албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар (БӨМ)
2.1
Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана
326600 дана
15
4899,0
2.2
Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық
1800000 дана
5
9000,0
2.3
Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана
302080 дана
25
7552,0
2.4
Бекіре тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана
28986 дана
250
7246,8
3.
Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау (БӨБН)
2 дана
500000
1000,0
4
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау (ББТАБҮ)
4.1
Стерлед ұрғашысы
5000 дана
7365,5
36827,5
4.2
Орыс бекіресінің ұрғашысы
800 дана
30000
24000,0
4.3
Белуга ұрғашысы
67 дана
2010,0
Барлығы
150000,0