Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2023 год

Қаулы · № 1290 · қабылданған 13.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-182914/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 1290 ·13.06.2023
13.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 1290 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2023 год
Атауы (қаз.)
Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1290
Қабылданған күні
13.06.2023
Көрсетілген редакция
13.06.2023 182914_637507.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23ZA721807
ЭКБ идентификаторы
182914
Редакция идентификаторы
182914_637507
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:24

0 Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес, және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.

2 2. Бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметі бөлімінің басшысы осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі

Орал қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 1290 қаулысына қосымша
Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі

Маршруттардың атауы
1
Орал қаласы – «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі – Орал қаласы
2
Орал қаласы – «Барбастау» бау-бақша серіктестігі – Орал қаласы

Қолданыстағы