Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1290
- Қабылданған күні
- 13.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.06.2023 182914_637507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23ZA721807
- ЭКБ идентификаторы
- 182914
- Редакция идентификаторы
- 182914_637507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:24
0 Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес, және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.
2. Бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметі бөлімінің басшысы осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
Орал қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 1290 қаулысына қосымша
Орал қаласы бойынша 2023 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
№
Маршруттардың атауы
1
Орал қаласы – «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі – Орал қаласы
2
Орал қаласы – «Барбастау» бау-бақша серіктестігі – Орал қаласы