Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі және сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 76
- Қабылданған күні
- 14.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2023 182937_636957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23M0457912
- ЭКБ идентификаторы
- 182937
- Редакция идентификаторы
- 182937_636957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:22
0 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. «Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
5 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 76 қаулысына қосымша
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидиялар сомасы
(мың теңге)
1
Балық азықтарын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар
1.1
бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары
килограмм
38 947
11 100,0
1.2
жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандары
23 810
5 000,0
1.3
тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
(отандық өндірістің азықтары үшін)
15 714
1 650,0
тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндрістің азықтары үшін)
7 857
Барлығы: 17 750,0
2
Балық өсіру материалын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар
2.1
бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы (10 граммға дейін)
дана
4 000
1 000,0
2.2
жайын тұқымдас балықтар мен олардың будандарының шабағы
(0,5-5 грамм)
20 000
100,0
2.3
тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарының
шабағы (30 граммға дейін)
666, 6
100, 0
Барлығы: 1 200,0
3
Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар
дана
2
1 000,0
Барлығы: 1 000,0
4
Дәрілік препараттарды сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар
тонна
8, 0
40,0
Барлығы: 40,0
5
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірі және оларды күтіп-ұстауды сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар
5.1
бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары
дарақ
17
510,0
Барлығы: 510,0
Жиынтығы:
20 500,0