Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями города Алматы на 2023 год в пределах объемов бюджетных средств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями города Алматы на 2023 год в пределах объемов бюджетных средств
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/348
- Қабылданған күні
- 16.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.06.2023 183222_638268.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23R0001725
- ЭКБ идентификаторы
- 183222
- Редакция идентификаторы
- 183222_638268
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:20
0 Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының
көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға
мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы 3 тармағының 7-5) тармақшасына және 62 бабының 6-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2 2. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2023 жылға арналған Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға белгіленген мемлекеттік білім беру тапсырысы
Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 16 маусымдағы
№ 2/348
Қаулысына қосымша
2023 жылға арналған Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға белгіленген мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мамандар
Жеке сабақтар
(1 сағат, теңге)
Кіші топтық сабақтар
(1 сағат, теңге)
Топтық сабақтар
(1 сағат, теңге)
Психолог
7216
2548
1214
Логопед
7619
2682
1272
Дефектолог
7755
2728
1291
Тифлопедагог
7729
2719
1288
Олигофренопедагог
7917
2782
1314
Сурдопедагог
7593
2674
1268
ЕДШ нұсқаушысы
7212
2593
1273