Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2023 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни лиц с инвалидностью в Республике Казахстан

Қаулы · № 526 · қабылданған 30.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-184238/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2023 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни лиц с инвалидностью в Республике Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 526 ·30.06.2023
30.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2023 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни лиц с инвалидностью в Республике Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 526 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2023 год областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на обеспечение прав и улучшение качества жизни лиц с инвалидностью в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
526
Қабылданған күні
30.06.2023
Көрсетілген редакция
30.06.2023 184238_643283.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000526
ЭКБ идентификаторы
184238
Редакция идентификаторы
184238_643283
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:05

0

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы
«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

1 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының уақтылы және нысаналы пайдаланылуын;

2 2) есепті айдан кейінгі айдың 8-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

6 Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « » _____________
№ қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 6) тармақшасына, «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына сәйкес әзірленді және 213 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 058 «Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 058 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге, өмір сүру сапасын жақсартуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің пайдалануы тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;

3 3) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган;

4

4)  халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3

3. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге, өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 058 бюджеттік бағдарламаның 105 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік кіші бағдарламасы (бұдан әрі – 105 кіші бағдарлама) бойынша пайдаланылады.

4

4. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 058 бюджеттік бағдарламаның 105 кіші бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жеке жоспары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төлемдер бойынша жүргізеді.

2 2-тарау. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

5

5. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері әзірлеген мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Спина Бифида (Spina bifida) диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдардың бір мәрте пайдаланылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге пайдаланылады.

6

6. Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Спина Бифида (Spina bifida) диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдарды бір мәрте пайдаланылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге қажеттіліктің ұлғаюы салдарынан ағымдағы нысаналы трансферттердің сомалары жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті атқарушы органдар оларды ұлғайтуға шығыстарды тиісті жергілікті бюджет қаражатының есебінен көздейді.

7 7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мына:

1 1) 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша;

2

2) Спина Бифида (Spina bifida) диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдарды бір мәрте пайдаланылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейіндегі шығыстарды қаржыландыру үшін 045 «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 333 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» және 355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалары бойынша көздейді.

8 8. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары түсетін ағымдағы нысаналы трансферттерді:

1

1) Спина Бифида (Spina bifida) диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдардың бір мәрте пайдаланылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» жергілікті бюджеттік бағдарламасы бойынша 451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және 801 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша;

2

2) Спина Бифида (Spina bifida) диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдардың бір мәрте пайдаланылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге 451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және 017 «Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емделу, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, арнаулы жүрiп-тұру құралдары, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері мен қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша көздейді.

9

9. Жергілікті атқарушы органдар Спина Бифида (Spina bifida) диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдардың бір мәрте пайдаланылатын майланған катетерлермен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.

10 10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей ұсынып тұрады.

_____________________

Қолданыстағы