Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2023 жылға ең төмен мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7-2
- Қабылданған күні
- 22.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2023 185399_649592.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23SE00072M
- ЭКБ идентификаторы
- 185399
- Редакция идентификаторы
- 185399_649592
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:11
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданы бойынша кондоминиум объектісін
басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін
күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2023 жылға
ең төмен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 2023 жылға айына бір шаршы метр үшін 26,36 (жиырма алты теңге отыз алты тиын) теңге сомасында бекітілсін.