Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 04.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2023 185980_652421.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008394
- ЭКБ идентификаторы
- 185980
- Редакция идентификаторы
- 185980_652421
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:58
0 Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 236 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидия түрлері
Өлшем
бірлігі
Субсидиялар көлемі
Сомасы
(теңге)
1
2
3
4
5
1
Балық азығын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
килограмм
141 860
44 000 610
2
Балық өсіру материалын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
дана
302 000
4 000 000
3
Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
дана
4
500 000
4
Дәрілік препараттарды сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
килограмм
100 000
500 000
5
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
дана
100
1 000 000
Барлығы:
543 964
50 000 610