Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 04.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2023 185980_652421.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23C0008394
- ЭКБ идентификаторы
- 185980
- Редакция идентификаторы
- 185980_652421
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:58
0 Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 236 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысының 2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№
Субсидия түрлері
Өлшем
бірлігі
Субсидиялар көлемі
Сомасы
(теңге)
1
2
3
4
5
1
Балық азығын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
килограмм
141 860
44 000 610
2
Балық өсіру материалын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
дана
302 000
4 000 000
3
Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
дана
4
500 000
4
Дәрілік препараттарды сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
килограмм
100 000
500 000
5
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
дана
100
1 000 000
Барлығы:
543 964
50 000 610