Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции в городе Алматы на 2023 год

Қаулы · № 4/534 · қабылданған 09.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-187117/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции в городе Алматы на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 4/534 ·09.10.2023
09.10.2023 редакциясы
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции в городе Алматы на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 4/534 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции в городе Алматы на 2023 год
Атауы (қаз.)
2023 жылға Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/534
Қабылданған күні
09.10.2023
Көрсетілген редакция
09.10.2023 187117_658284.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23R004534A
ЭКБ идентификаторы
187117
Редакция идентификаторы
187117_658284
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:26

0 2023 жылға Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2023 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі бекітілсін.

2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялау үшін электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 2023 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі

Алматы қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 9 қазандағы № 4/534
қаулысымен бекітілген
2023 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі

Ауылшаруашылық өнімінің атауы
Тереңдете өңделген өнімнің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, (теңге/килограмм)
1
Шикі сүт
Қатты ірімшік
47

Қолданыстағы