Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур, в том числе многолетних насаждений на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур, в том числе многолетних насаждений на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 17.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2023 187322_659224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23G000200A
- ЭКБ идентификаторы
- 187322
- Редакция идентификаторы
- 187322_659224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:18
0 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер
өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары
Жамбыл облысы әкімдігінің
2023 жылғы «17» 10 № 200
қаулысына қосымша
2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер
өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге
1
Қант қызылшасы
25 000
2
Дәндік жүгері
20 000
3
Майлы дақылдар:
Мақсары
Күнбағыс
Қытай бұршағы
20 000