Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур, в том числе многолетних насаждений на 2023 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур, в том числе многолетних насаждений на 2023 год
- Атауы (қаз.)
- 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 17.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2023 187322_659224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23G000200A
- ЭКБ идентификаторы
- 187322
- Редакция идентификаторы
- 187322_659224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:18
0 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер
өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесін және субсидия нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары
Жамбыл облысы әкімдігінің
2023 жылғы «17» 10 № 200
қаулысына қосымша
2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер
өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тізбесі және субсидия нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге
1
Қант қызылшасы
25 000
2
Дәндік жүгері
20 000
3
Майлы дақылдар:
Мақсары
Күнбағыс
Қытай бұршағы
20 000