Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2023 год по Кызылординской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2023 год по Кызылординской области
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 191
- Қабылданған күні
- 08.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2023 188338_663736.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23L0846511
- ЭКБ идентификаторы
- 188338
- Редакция идентификаторы
- 188338_663736
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:55
0 Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы 8 қарашадағы
№ 191
қаулысына қосымша
Қызылорда облысы бойынша 2023 жылға арналған басым дақылдардың
тiзбесі және субсидиялар нормалары
№
Басым дақылдардың
тiзбесі
Субсидиялар нормалары (1 тоннаға), теңге
1
Мақсары
24 304,0
2
Дәндік жүгері
16 393,0