Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий, сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2023 год

Қаулы · № 204 · қабылданған 21.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2023-ekb-189090/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий, сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2023 год Қолданыста Қаулы ·№ 204 ·21.11.2023
21.11.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий, сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2023 год

Қолданыста Қаулы ·№ 204 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий, сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2023 год
Атауы (қаз.)
2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
204
Қабылданған күні
21.11.2023
Көрсетілген редакция
21.11.2023 189090_666916.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23F0016218
ЭКБ идентификаторы
189090
Редакция идентификаторы
189090_666916
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:33

0 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы

жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар,
субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бұйрығын іске асыру мақсатында, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бекітілсін:

1 1) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2023 жылға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес;

2 2) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2023 жылға арналған өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес.

2 2. «Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

9 Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2023 жылға арналған субсидиялар нормативтері

Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 204 қаулыға
1 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын
арзандатуға 2023 жылға арналған субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке субсидия нормативтері, теңге
Субсидияланатын көлем, бас
Субсидиялар көлемі, теңге
1.
Ауыл шаруашылығы жануарларының, ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
5 500
131 379
722 584 500
Барлығы:
722 584 500

10 Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2023 жылға арналған өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 204 қаулыға
2 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын
арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2023 жылға арналған өлшемшарттар,
субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты
Өлшемшарттар
СМАЖ -да субсидиялау шарттарына сәйкестікті тексеру әдісі
Өтінім беру мерзімі
1.
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:
Өтінім берген сәтте аналық басының САТЖАҚ және АЖБ-да тіркелуі және деректерінің сәйкестігі.
САТЖАҚ және АЖБД -мен интеграциялық өзара іс-қимыл
Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда)
1.1.
Ірі қара малдың аналық басы
1. Өтінім берген сәтте өзінің аналық басының (18 айдан бастап) болуы.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы (жеке қосалқы шаруашылықтардан қалыптастырылған ауылшаруашылығы кооперативін қоспағанда).
Ескертпе:
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітіледі.
Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды АЖБ-да тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;
АЖБ – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
СМАЖ – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі.

Қолданыстағы