Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2024 - 2025 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2024 - 2025 учебный год
- Атауы (қаз.)
- 2024 - 2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 26.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2024 199262_712963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24M000126A
- ЭКБ идентификаторы
- 199262
- Редакция идентификаторы
- 199262_712963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:21
0 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024 – 2025, 2025 – 2026, 2026 – 2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары З.Т.Есбергеноваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Резидентура 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Маңғыстау облысы
әкімдігінің 2024 жылғы
«26»шілдедегі
№ 126 қаулысына
қосымша
Резидентура
2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
№
Коды
Атауы
2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны)
Жылына 1 дәрігер-резидентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
1
7R09
Денсаулық сақтау (медицина)
35
1 939,9
1 811,3