Құжат мәтініне өту

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2024-2025 учебный год

Қаулы · № 167 · қабылданған 21.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-2025-ekb-199959/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2024-2025 учебный год Қолданыста Қаулы ·№ 167 ·21.08.2024
30.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2024-2025 учебный год

Қолданыста Қаулы ·№ 167 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О размещении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием на 2024-2025 учебный год
Атауы (қаз.)
2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
167
Қабылданған күні
21.08.2024
Көрсетілген редакция
30.01.2025 199959_743054.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24U000167A
ЭКБ идентификаторы
199959
Редакция идентификаторы
199959_743054
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:01

0 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмі бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмі бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстары орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі (жергілікті бюджет қаражаты есебінен)

Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 21 тамыздағы
№ 167 қаулысына қосымша
2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмі бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыстары орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі (жергілікті бюджет қаражаты есебінен)
р/с
Жоғары оқу орынның атауы
Білім беру саласының коды және атауы
Білім бағдарламалары топтарының коды және атауы
2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны)
1
«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті»
6В10 Денсаулық сақтау
В086 Жалпы медицина
15
6В06 Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
В057 Ақпараттық технологиялар
35
7R01
Денсаулық сақтау (медицина)
R032 Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)
10
R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
5
R023 Балалар хирургиясы
2
R004 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
5
R001 Кардиология (ересектер, балалар)
2
R042 Клиникалық фармакология
2
R024 Онкология (ересектер)
14
R030 Педиатрия
5
R014 Радиология
8
R008 Эндокринология (ересектер, балалар)
4
2
"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" комерциялық емес акционерлік қоғамы
R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
4
7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
R019 Ангиохирургия (ересектер, балалар)
2
R023 Балалар хирургиясы
3
R005 Гематология (ересектер)
1
R012 Дерматовенерология (ересектер, балалар)
4
R021 Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар)
1
R001 Кардиология (ересектер, балалар)
2
R018 Кардиохирургия (ересектер, балалар)
1
R020 Нейрохирургия (ересектер, балалар)
3
R031 Неонаталогия
1
R009 Нефрология (ересектер, балалар)
2
R006 Онкология және гематология (балалар)
1
R014 Радиология
1
R002 Ревматология (ересектер, балалар)
4
R025 Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)
1
3
«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университеті
7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
R032 Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)
4
R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
4
R019 Ангиохирургия (ересектер, балалар)
2
R012 Дерматовенерология (ересектер, балалар)
2
R018 Кардиохирургия (ересектер, балалар)
2
R020 Нейрохирургия (ересектер, балалар)
2
R031 Неонаталогия
5
4
«Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты» акционерлік қоғамы
7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
1
R004 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)
1
R001 Кардиология (ересектер, балалар)
3
R002 Ревматология (ересектер, балалар)
1
R008 Эндокринология (ересектер, балалар)
1
5
«Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
R025 Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)
4
R040 Физикалық медицина және реабилитация (ересектер, балалар)
3
6
«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесі
7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
R032 Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)
6
R017 Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)
4
R019 Ангиохирургия (ересектер, балалар)
3
R031 Неонаталогия
1
R018 Кардиохирургия (ересектер, балалар)
1
R020 Нейрохирургия (ересектер, балалар)
1
Барлығы
189

Қолданыстағы