Құжат мәтініне өту

О размещении и распределении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования в области туризма из республиканского бюджета на 2024-2025 учебный год

Бұйрық · № 149 · қабылданған 20.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-2025-ekb-200189/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О размещении и распределении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования в области туризма из республиканского бюджета на 2024-2025 учебный год Қолданыста Бұйрық ·№ 149 ·20.08.2024
20.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О размещении и распределении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования в области туризма из республиканского бюджета на 2024-2025 учебный год

Қолданыста Бұйрық ·№ 149 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О размещении и распределении государственного образовательного заказа на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием в организациях образования в области туризма из республиканского бюджета на 2024-2025 учебный год
Атауы (қаз.)
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
149
Қабылданған күні
20.08.2024
Көрсетілген редакция
20.08.2024 200189_717612.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24TS000149
ЭКБ идентификаторы
200189
Редакция идентификаторы
200189_717612
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:01

0 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-8) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025, 2025-2026, 2026-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілдің тізбесі;

2

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2024-2025 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес туризм саласындағы білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілдің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2024 жылғы «__»_________
№ ___бұйрығына
қосымша 1
2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілдің тізбесі

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы
1
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

2 2024-2025 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2024 жылғы «__»_________
№ ___бұйрығына
қосымша 2
2024-2025 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі
Жоғары білім
Оқытудың толық түрі
B091 – Туризм

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы
1
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
B092 – Тынығу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы
1
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
B093 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы
1
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қысқартылған оқу

3 2024-2025 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2024 жылғы «__»_________
№ ___бұйрығына
қосымша 3
2024-2025 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Коды
Топтың атауы
Гранттың жалпы саны
Күндізгі оқу нысаны
1.
В091
Туризм
352
352
2.
В092
Тынығу
200
200
3.
В093
Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
140
140
4.
Барлығы
692
692
Бөлімше 1. Квоталар
5.
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз
8
6.
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз
4
7.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз
32
8.
жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз
8
9.
кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз
40
10.
кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз
8
11.
бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз
8
12.
Барлығы
108
13.
Қорытынды
800
14.
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бойынша қорытынды
800

Қолданыстағы