Об оказании в 2024 году дополнительной социальной помощи ветеранам войны в Афганистане к 35-летию вывода ограниченного контингента Советских войск из Демократической Республики Афганистан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании в 2024 году дополнительной социальной помощи ветеранам войны в Афганистане к 35-летию вывода ограниченного контингента Советских войск из Демократической Республики Афганистан
- Атауы (қаз.)
- 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13-77-VIII
- Қабылданған күні
- 22.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2024 193649_685406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24UP646613
- ЭКБ идентификаторы
- 193649
- Редакция идентификаторы
- 193649_685406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:03
0 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан
Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына
35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне
қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жылдығына орай 15 ақпан мереке күндеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек жылына бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге.