Об оказании в 2024 году социальной помощи ветеранам войны в Афганистане к 35-летию вывода ограниченного контингента Советских войск из Демократической Республики Афганистан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании в 2024 году социальной помощи ветеранам войны в Афганистане к 35-летию вывода ограниченного контингента Советских войск из Демократической Республики Афганистан
- Атауы (қаз.)
- 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17/3-08
- Қабылданған күні
- 27.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2024 194873_690926.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24UN649513
- ЭКБ идентификаторы
- 194873
- Редакция идентификаторы
- 194873_690926
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:22
0 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан
Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына
35-жылдығына орай Ауғанстан соғысының ардагерлеріне
әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін:
15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;