Құжат мәтініне өту

Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2024 год

Бұйрық · № 530 · қабылданған 27.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-191133/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2024 год Қолданыста Бұйрық ·№ 530 ·27.12.2023
08.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2024 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 530 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении региональной квоты приема кандасов и переселенцев на 2024 год
Атауы (қаз.)
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
530
Қабылданған күні
27.12.2023
Көрсетілген редакция
08.08.2024 191133_715540.kaz
Соңғы өзгеріс
08.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033822
ЭКБ идентификаторы
191133
Редакция идентификаторы
191133_715540
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:57

0 Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мынадай:

1 1) қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 3 033 адам;

2 2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 6 450 адам болып белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет миинистрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынылуын;

4 4) осы бұйрықты жұмысында басшылыққа алу үшін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»

Қолданыстағы