Құжат мәтініне өту

О предоставлении мер социальной поддержки на 2024 год

Өзге акт · № 11/27 · қабылданған 26.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-192017/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О предоставлении мер социальной поддержки на 2024 год Қолданыста Өзге акт ·№ 11/27 ·26.12.2023
26.12.2023 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении мер социальной поддержки на 2024 год

Қолданыста Өзге акт ·№ 11/27 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении мер социальной поддержки на 2024 год
Атауы (қаз.)
2024 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11/27
Қабылданған күні
26.12.2023
Көрсетілген редакция
26.12.2023 192017_677602.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23LI01127M
ЭКБ идентификаторы
192017
Редакция идентификаторы
192017_677602
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:13

0 2024 жылға арналған әлеуметтік

қолдау шараларын ұсыну туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8, 9-тармақтарына, және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2024 жылы Шиелі ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:

1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада; ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада келген мамандар үшін бюджеттік кредит.

2 2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы