Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на первый квартал 2024 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на первый квартал 2024 год
- Атауы (қаз.)
- 2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37
- Қабылданған күні
- 20.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2024 193505_684844.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24T000037A
- ЭКБ идентификаторы
- 193505
- Редакция идентификаторы
- 193505_684844
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:06
0 2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
Атырау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 37 қаулысына қосымша
2024 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№ п/п
Тауар атауы
Бағасы, теңге
1
Бірінші сортты бидай ұны, килограмм
256
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм
257
3
Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм
459
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеп салынатын), килограмм
474
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм
620
6
Картоп, килограмм
200
7
Асханалық сәбіз, килограмм
219
8
Басты пияз, килограмм
178
9
Ақ қауынды қырыққабат, килограмм
220
10
Ақ қант - құмшекер, килограмм
511
11
Күнбағыс майы, литр
883
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм
3030
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілігі), килограмм
1437
14
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм
4798
15
Тауық жұмыртқасы (I-санатты), ондық
613
16
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа), килограмм
98
17
Сүзбе майлылығы 5-9%, килограмм
1984