Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) Костанайской области на 2024 год

Қаулы · № 87 · қабылданған 04.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-194081/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) Костанайской области на 2024 год Қолданыста Қаулы ·№ 87 ·04.03.2024
04.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) Костанайской области на 2024 год

Қолданыста Қаулы ·№ 87 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) Костанайской области на 2024 год
Атауы (қаз.)
Қостанай облысының 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87
Қабылданған күні
04.03.2024
Көрсетілген редакция
04.03.2024 194081_686960.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24N1015810
ЭКБ идентификаторы
194081
Редакция идентификаторы
194081_686960
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:51

0 Қостанай облысының 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

«Жануарлар дүнииесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысының 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
Қазақстан Республикасы
Экология, және табиғи
ресурстар министрлігі

7 Қостанай облысының 2024 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Қостанай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 наурыздағы
№ 87 қаулысына
қосымша
Қостанай облысының 2024 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері
Өлшем
бірлігі
Субсидияланатын
көлемі
Субсидиялар
сомасы
(мың теңге)
1
Балық азығын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
1.1
албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін
килограмм
1710
461,7
2
Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау
бірлік
1
500,0
3
Балық өсіру материалын сатып алу бойнша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
3.1
албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін
3.1.1
ұрықтанған уылдырық
дана
6 220 000
31 100,0
3.1.2
шабақ (10 граммға дейін)
дана
300 000
7 500,0
3.2
ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін
3.2.1
дернәсілдер
дана
20 800 000
10 400,0
3.3
тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін
3.3.1
дернәсілдер
дана
600 000
36,0
Барлығы
49 997,7

Қолданыстағы