Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2024 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района

Өзге акт · № 106 · қабылданған 05.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-194122/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О предоставлении в 2024 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района Қолданыста Өзге акт ·№ 106 ·05.03.2024
05.03.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2024 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 106 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2024 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Улытауского района
Атауы (қаз.)
Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
106
Қабылданған күні
05.03.2024
Көрсетілген редакция
05.03.2024 194122_688569.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24HE00106M
ЭКБ идентификаторы
194122
Редакция идентификаторы
194122_688569
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:49

0 Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға

келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,
ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» (бұдан әрі - Бұйрық) және 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтерәкімдері аппараттарының мемлекеттікқызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы» бұйрықтарына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:

1

1. Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары: тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шарасы ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін, айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада және ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада ұсынылсын.

2 2. «Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде, Бұйрық бойынша осы шешімді іске асыруға бағытталған шаралар қабылдасын.

3 3. Шешімнің орындалысына бақылау жасау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелер бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.

4.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы