Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2024 год

Қаулы · № 76 · қабылданған 03.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-195225/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2024 год Қолданыста Қаулы ·№ 76 ·03.04.2024
09.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2024 год

Қолданыста Қаулы ·№ 76 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2024 год
Атауы (қаз.)
2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
03.04.2024
Қолданысқа енгізілген күні
19.04.2024
Көрсетілген редакция
09.10.2024 195225_724288.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24G0518908
ЭКБ идентификаторы
195225
Редакция идентификаторы
195225_724288
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:12

0 2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) 2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) 2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі

Жамбыл облысы әкімдігінің
2024 жылғы 3 сәуірдегі № 76
қаулысына 1-қосымша
2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі

Басым дақылдар атауы
1
Қант қызылшасы
2
Дәндік жүгері
3
Күнбағыс
4
Мақсары
5
Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер
6
Фермерлік жылыжайдағы көкөністер

10 2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары

Жамбыл облыс әкімдігінің
2024 жылға «3» сәуірдегі № 76
қаулысына 2-қосымша
2024 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары

Басым дақылдар атауы
Өлшем бірлігі
тонна, гектар
Субсидия нормасы, теңге
1
Қант қызылшасы
тонна
25 000
2
Қант қызылшасы
(Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Ақсу қант зауытына тасымалданған өнім үшін)
тонна
45 000
3
Дәндік жүгері
тонна
20 000
4
Майлы дақылдар:
тонна
20 000
-
оның ішінде күнбағыс
тонна
20 000
-
оның ішінде мақсары
тонна
20 000
5
Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер
гектар
5 000 000
6
Фермерлік жылыжайдағы көкөністер
гектар
3 000 000

Қолданыстағы