О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Северо-Казахстанской области на 2024 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Северо-Казахстанской области на 2024 год
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12/5
- Қабылданған күні
- 29.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2024 195441_710359.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24S0774015
- ЭКБ идентификаторы
- 195441
- Редакция идентификаторы
- 195441_710359
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:15
0 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 569-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген) бекітілген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесінің негізінде, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 12/5 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерлемелері
Р/с
№
Өзен, көл, теңіз бассейндері
Арнайы су пайдалану түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері, теңге
1
Есіл өзенінің бассейні
Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
203,34
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда
теңге/1000 текше метр
563,36
3
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 текше метр
160,01
4
Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метр
160,01
5
Гидроэнергетика
теңге/1000 киловатт/
сағат
56,67
6
Су көлігі
теңге/1000 көліктік километр
16,67