Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Астаны на 2024 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Астаны на 2024 год
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107-1289
- Қабылданған күні
- 05.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2024 195468_694138.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24ABW1071A
- ЭКБ идентификаторы
- 195468
- Редакция идентификаторы
- 195468_694138
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:10
0 Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
1 Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Астана қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «__» _______
№ _________ қаулысына
қосымша
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Р/с
№
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
(5, 6, 7 бағандарда көрсетілген тәрбиеленушілерді қоспағанда)
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым
Шағын орталық
Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар
1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар.
2. Түзету (арнайы) мектепке дейінгі ұйымдар
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы білім беретін топтар және толық күн болатын шағын орталықтар
Жарты күн болатын шағын орталық
Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар
1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар.
2. Түзету (арнайы) мектепке дейінгі ұйымдар
Мемлекеттік, жекеменшік мектепке дейінгі ұйым және толық күн болатын шағын орталық
толық күн болатын
жарты күн болатын
3 жасқа дейін
3-6 жастан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1.
22 535
45 547
813
4 398
370
1712
54 506
24 018
81 598
98 103
19 700
20 800
___________________________