Құжат мәтініне өту

Об утверждении норматива субсидий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов её глубокой переработки на 2024 год

Қаулы · № 73 · қабылданған 11.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-195606/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении норматива субсидий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов её глубокой переработки на 2024 год Қолданыста Қаулы ·№ 73 ·11.04.2024
11.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норматива субсидий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов её глубокой переработки на 2024 год

Қолданыста Қаулы ·№ 73 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норматива субсидий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов её глубокой переработки на 2024 год
Атауы (қаз.)
2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
73
Қабылданған күні
11.04.2024
Көрсетілген редакция
11.04.2024 195606_694862.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24F000073A
ЭКБ идентификаторы
195606
Редакция идентификаторы
195606_694862
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:04

0 2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 болып тіркелген) 11-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

6 2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі

Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы «11» сәуірдегі
№ 73 қаулысына
қосымша
2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға
арналған субсидиялар нормативі
р/с №
Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы
Тереңдете өңделетін өнімдердің атауы
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг
1.
Сүт
Сары май
91,0
2.
Сүт
Қатты ірімшік
12,0

Қолданыстағы