Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2024 год по Мангистауской области

Қаулы · № 70 · қабылданған 06.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-196769/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2024 год по Мангистауской области Қолданыста Қаулы ·№ 70 ·06.05.2024
06.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2024 год по Мангистауской области

Қолданыста Қаулы ·№ 70 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств на 2024 год по Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
70
Қабылданған күні
06.05.2024
Көрсетілген редакция
06.05.2024 196769_700021.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24M000070A
ЭКБ идентификаторы
196769
Редакция идентификаторы
196769_700021
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:37

0 Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

2 2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары З. Т. Есбергеноваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

7 Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Маңғыстау облысының әкімдігінің
2024 жылғы 6 мамырдағы
№ 70 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қосымша білім беру бағыттарының түрлері
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны
Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге
1
Ғылыми-техникалық
1095
14413
2
Туризм және өлкетану
220
14413
3
Экологиялық-биологиялық
230
14413
4
Көркемдік-эстетикалық
455
14413
5
Әлеуметтік-педагогикалық
905
14413
6
Гуманитарлық
1250
14413
7
Жаратылыстану-математикалық
1345
14413
Барлығы
5500
-

Қолданыстағы