Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников области Ұлытау на 2024 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников области Ұлытау на 2024 год
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15/140
- Қабылданған күні
- 21.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2024 198068_707005.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24H0012820
- ЭКБ идентификаторы
- 198068
- Редакция идентификаторы
- 198068_707005
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:55
0 Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ұлытау облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2024 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ұлытау облыстық мәслихатының
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 15/140
шешіміне қосымша
Ұлытау облысының 2024 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ р/р
Арнаулы су пайдалану түрі
Өлшеу бірлігі
2024 жылға төлемақы мөлшермелері, теңге
Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендерінің бассейні
1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
227,39
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 текше метр
648,74
3
Ауыл шаруашылығы (төмендету коэффицентін есепке ала отырып – 0,5)
теңге/1000 текше метр
93,63
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метр
177,23
5
Су энергетикасы
теңге/1000 килоВатт сағат
-
6
Су көлігі
теңге/1000 тонна километр
-
Торғай, Тобыл, Ырғыз өзендерінің бассейні
1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
203,98
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 текше метр
581,86
3
Ауыл шаруашылығы (төмендеткіш коэффицентті есепке ала отырып – 0,5)
теңге/1000 текше метр
80,26
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метр
160,51
5
Су энергетикасы
теңге/1000 килоВатт сағат
-
6
Су көлігі
теңге/1000 тонна километр
-