Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2024 год

Бұйрық · № 271-НҚ · қабылданған 26.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-198213/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2024 год Қолданыста Бұйрық ·№ 271-НҚ ·26.06.2024
26.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2024 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 271-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между организациями высшего и (или) послевузовского образования на 2024 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
271-НҚ
Қабылданған күні
26.06.2024
Көрсетілген редакция
26.06.2024 198213_710603.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034612
ЭКБ идентификаторы
198213
Редакция идентификаторы
198213_710603
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:51

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы

«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 226 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлуді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34367 болып тіркелген) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу (бұдан әрі – бөлу) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Білім және ғылыми жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары «Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6936 болып тіркелген) тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларында қарастырылған қаражаттар шегінде қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын төлеуді жүзеге асырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 271-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның ата­уы
Сти­пен­дия
Сту­дент­тер­ге
Ма­ги­странт­тар­ға
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі­нің «Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық кон­сер­ва­то­ри­я­сы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
4
0
2.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі­нің «Қа­зақ ұлт­тық өнер уни­вер­си­те­ті» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
10
1
3.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі­нің «Те­мір­бек Жүр­ге­нов атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
1
0
Бар­лы­ғы:
15
1

Қолданыстағы