Құжат мәтініне өту

Об установлении квот рабочих мест в области Ұлытау на 2024 год

Қаулы · № 38/01 · қабылданған 26.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-198305/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении квот рабочих мест в области Ұлытау на 2024 год Қолданыста Қаулы ·№ 38/01 ·26.06.2024
26.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот рабочих мест в области Ұлытау на 2024 год

Қолданыста Қаулы ·№ 38/01 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот рабочих мест в области Ұлытау на 2024 год
Атауы (қаз.)
Ұлытау облысында 2024 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38/01
Қабылданған күні
26.06.2024
Көрсетілген редакция
26.06.2024 198305_707822.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24H003801A
ЭКБ идентификаторы
198305
Редакция идентификаторы
198305_707822
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:52

0 Ұлытау облысында

2024 жылға жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 107-бабына, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы №207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32737 болып тіркелген) және «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы №446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33564 болып тіркелген) сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлытау облысында 2024 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

3 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;

4 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін.

2 2. «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. «Ұлытау облысында 2024 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы

Ұлытау облысы әкімдігінің
«26» маусымдағы 2024 жылғы
№38/01 қаулысына
1-қосымша
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны
Жезқазған қаласы
1
Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
72
2
1
2
Ұлытау облысы білім басқармасының «№3 «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
64
2
1
3
Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Көктем» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
65
2
1
4
Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
90
2
2
5
Ұлытау облысы білім басқармасының «Маруа Құлұшева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
2
1
Сәтбаев қаласы
6
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Сәтбаев қаласының емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
370
4
15
7
Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «С. Сейфуллин атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
92
2
2
Қаражал қаласы
8
«Karazhal Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
110
3
3
9
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қаражал қаласының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
138
3
4
Жаңаарқа ауданы
10
Ұлытау облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «№1 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
125
3
4
Ұлытау ауданы
11
«Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі
101
3
3
12
Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлытау ауданың орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
54
2
1
Барлығы
1341
30
38

1 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындары квотасы

Ұлытау облысы әкімдігінің
«26» маусымдағы 2024 жылғы
№38/01 қаулысына
2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындары квотасы

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
Жезқазған қаласы
1
«Самға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
74
1
1
2
«ЖезТемірБетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
160
1
2
Сәтбаев қаласы
3
«Рудсервис-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
122
1
1
Қаражал қаласы
4
Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
74
1
1
Жаңаарқа ауданы
5
Жаңаарқа ауданы әкімдігі Жаңаарқа ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің «Жаңаарқа-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
129
1
1
Барлығы
559
5
6

2 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы

Ұлытау облысы әкімдігінің
«26» маусымдағы 2024 жылғы
№38/01 қаулысына
3-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы

Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
Жезқазған қаласы
1
«Самға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
52
1
1
2
«ЖезТемірБетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
160
1
2
Сәтбаев қаласы
3
«Сәт-Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
237
1
2
4
«Рудсервис-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
122
1
1
5
«Сәтбаев су мен жылу жабдықтау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
447
1
4
Қаражал қаласы
6
«Karazhal Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
110
1
1
7
Қаражал қаласы әкімдігінің «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
69
1
1
8
Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
74
1
1
Жаңаарқа ауданы
9
Жаңаарқа ауданы әкімдігі Жаңаарқа ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің «Жаңаарқа-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
129
1
1
Ұлытау ауданы
10
«Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі
101
1
1
Барлығы
1501
10
15

3 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы

Ұлытау облысы әкімдігінің
«26» маусымдағы 2024 жылғы
№38/01 қаулысына
4-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
Жезқазған қаласы
1
Ұлытау облысы білім басқармасының «Маруа Құлұшева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
2
1
Барлығы
60
2
1

Қолданыстағы