Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2024 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства), а также развития племенного рыбоводства Актюбинской области на 2024 год
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 10.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2024 198771_710912.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24C0860604
- ЭКБ идентификаторы
- 198771
- Редакция идентификаторы
- 198771_710912
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:37
0 Ақтөбе облысының 2024 жылға арналған акваөсіру
(балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға,
сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға
субсидиялау көлемін бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының 2024 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемі бекітілсін.
2 2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 10 шілдедегі
№ 183
қаулысына қосымша
2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді
дамытуға субсидиялау көлемі
№
Субсидиялау түрлері
Өлшем
бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидиялар сомасы, теңге
1.
Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге арналған субсидиялар
1.1
Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары
тонна
40
10 800 000,0
1.2
Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандары
154
16 170 000,0
1.3
Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары
4,5
1 282 500,0
1.4
Жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары
4
831 600,0
2.
Балық өсіру материалдарын сатып алу бойынша шығыстарды
өтеуге арналған субсидиялар
2.1
Тұқы тұқымдас балықтар және олардың будандарының шабағы (30 грамға дейін)
мың дана
300,0
4 500 000,0
2.2
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарының ұрықтанған уылдырығы
мың дана
700,0
3 500 000,0
3.
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірі сатып алу және
оларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар
3.1
Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін
дана
333
10 000 000,0
4
Дәрілік препараттарды сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге
арналған субсидиялар
4.1
Антибиотиктер және препараттар
тонна
70
350 000,0
Барлығы:
47 434 100,0