Құжат мәтініне өту

О предоставлении мер социальной поддержки на 2024 год

Өзге акт · № 221 · қабылданған 17.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2024-ekb-198993/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О предоставлении мер социальной поддержки на 2024 год Қолданыста Өзге акт ·№ 221 ·17.07.2024
17.07.2024 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении мер социальной поддержки на 2024 год

Қолданыста Өзге акт ·№ 221 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении мер социальной поддержки на 2024 год
Атауы (қаз.)
2024 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
221
Қабылданған күні
17.07.2024
Көрсетілген редакция
17.07.2024 198993_711524.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24LG00221M
ЭКБ идентификаторы
198993
Редакция идентификаторы
198993_711524
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:31

0 2024 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына, 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» және 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрықтарына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2024 жылға Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

1 1) ауданның әкімшілік орталығына (Жаңақорған кенті) және ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) ауданның әкімшілік орталығына (Жаңақорған кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит;

3 3) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит.

2 2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы