Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Каргалинскому району на 2024 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Каргалинскому району на 2024 год
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2024 жылға арналған ең төменгі мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 218
- Қабылданған күні
- 30.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2024 201417_724119.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24CF00218M
- ЭКБ идентификаторы
- 201417
- Редакция идентификаторы
- 201417_724119
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:25
0 Қарғалы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың 2024 жылға арналған ең төменгі мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қарғалы ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшері 2024 жылға айына бір шаршы метр үшін екінші қабатқа дейін 24,7 теңге сомасында және үшінші қабаттан бесінші қабатқа дейін 41,0 теңге сомасында бекітілсін.