Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции в городе Алматы на 2024 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции в городе Алматы на 2024 год
- Атауы (қаз.)
- 2024 жылға Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4/590
- Қабылданған күні
- 04.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2024 202459_728490.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24R0004590
- ЭКБ идентификаторы
- 202459
- Редакция идентификаторы
- 202459_728490
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:56
0 2024 жылға Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 2 тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2024 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі бекітілсін.
2 2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 2024 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «____» _________ № ____
қаулысымен бекітілген
2024 жылға арналған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі
№
Ауылшаруашылық өнімінің атауы
Тереңдете өңделген өнімнің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, (теңге/килограмм)
1
Шикі сүт
Қатты ірімшік
65