Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Кегенскому району на 2025-2026 годы

Өзге акт · № 34-157 · қабылданған 14.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-2026-ekb-210334/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Кегенскому району на 2025-2026 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 34-157 ·14.05.2025
14.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Кегенскому району на 2025-2026 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 34-157 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Кегенскому району на 2025-2026 годы
Атауы (қаз.)
Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
34-157
Қабылданған күні
14.05.2025
Көрсетілген редакция
14.05.2025 I210334_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25DT34157M
ЭКБ идентификаторы
210334
Редакция идентификаторы
I210334_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:24

0 Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған

жайылымдарды басқару және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарды бекіту туралы
"Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Кеген ауданы бойынша 2025 - 2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 – қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауаудандық мәслихаттың әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту,өнеркәсіп, құрылыс, көлік қатынастары, байланыс және коммуникация, энергетика, отын ресурстары және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы "14" мамырдағы "Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" № 34-157 шешіміне 1-қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Кеген ауданының аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы).

4 Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы "14" мамырдағы "Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" № 34-157 шешіміне 2-қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемасы

5 Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы "14" мамырдағы "Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" № 34-157 шешіміне 3-қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

6 Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы "14" мамырдағы "Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" № 34-157 шешіміне 4-қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

7 Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы "14" мамырдағы "Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" № 34-157 шешіміне 5-қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығыжануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлужәне оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

8 Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы "14" мамырдағы "Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" № 34-157 шешіміне 6-қосымша

Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

9 Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы "14" мамырдағы "Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" № 34-157 шешіміне 7-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Жылдар
Жайылымдарға малдарды айдап шығару және жайылымдардан қайтару мерзімдер
Көктем
Жаз
Күз
Қыс
2025
Наурыз айының
І-ші он күндігі Мамыр айының
ІІ-ші он күндігі
Мамыр айының
ІІ-ші он күндігі Қазан айының
ІІ-ші он күндігі
Қазан айының
ІІ-ші он күндігі Қараша айының
ІІІ-ші он күндігі
Қараша айының
ІІІ-ші он күндігі Наурыз айының
ІІ-ші он күндігі
2026
Наурыз айының
І-ші он күндігі Мамыр айының
ІІ-ші он күндігі
Мамыр айының
ІІ-ші он күндігі Қазан айының ІІ-ші он күндігі
Қазан айының
ІІ-ші он күндігі Қараша айының
ІІІ-ші он күндігі
Қараша айының
ІІІ-ші он күндігі Наурыз айының
ІІ-ші он күндігі

10 Кеген аудандық мәслихатының 2025 жылғы "14" мамырдағы "Кеген ауданы бойынша 2025-2026 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" № 34-157 шешіміне

№ 8 қосымша
ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ 2025-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАР
Алматы облысы Кеген ауданы
("Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47 Заңы) .
1. Жалпы деректер, Кеген ауданының сипаттамасы
Кеген ауданы Алматы облысының оңтүстік шығысында орналасқан. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларының етегіндегі тау аралық аңғарда орналасқан. Аудан жерінде Аманжол, Көкжайлау, Саты, Қарақия, Қызыл-кезең, Сартасу (Шоқан асу) асулары бар. Таудан басталатын ағыны қатты Қарқара, Кеген, Талды, Шырғанақ, Иірсу, Кеңсу, Орта Мерке, Шет Мерке (бұлардың қосылуынан Шарын өзені құралады) Қарабұлақ, Шелек, Қайыңды, Жіңішке өзендері бар. Көлдері – Қайыңды, Қарақия, Көлсай. Пайдалы қазындылардан қорғасын, мырыш, көмір және құрылыстық тас, құм, балшық кездеседі. Жерлер санаты бойынша Кеген ауданының аумағы №1 кестеде көрсетілген.
№1 кесте
№ р/н
Жерлер санаты
Барлығы
Оның ішінде: жайылым
1
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, барлығы
262 011
206 140
2
Елді мекендер жерлері
37 793
36 567
3
Өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер
2 530
2 530
4
Жер қорлары
161 892
136 500
5
Орман қорының жерлері
87 185
39 597
6
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
158 658
51 289
7
Су қорларының жерлері
229
Аудан бойынша жер көлемі
710 298
472 623
Климаты қоңыржай, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы 13,7 градус, шілдеде 14,8 градус. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-400 мм.
Аудан 12 ауылдық округтен тұрады.
№2 кесте
Ауылдық округтер атауы
Ауыл, елді мекендер атауы
Кеген ауылдық округі
Кеген, Түменбай, Темірлік
Бөлексаз ауылдық округі
Бөлексаз
Алғабас ауылдық округі
Алғабас, Жіңішке, Жаңаталап
Жалағаш ауылдық округі
Жалағаш, Жайдақбұлақ, Тоғызбұлақ
Жылысай ауылдық округі
Жылысай, Шыбышы, Мойнақ
Қарабұлақ ауылдық округі
Қарабұлақ, Ақай Нүсіпбеков
Қарқара ауылдық округі
Қарқара, Ереуіл, Мыңжылқы
Саты ауылдық округі
Саты, Күрметі
Тасашы ауылдық округі
Тасашы, Ақтасты, Сарыкөл, Жаңатасашы
Тұйық ауылдық округі
Тұйық
Ұзынбұлақ ауылдық округі
Ұзынбұлақ, Жалаулы, Ақсай
Шырғанақ ауылдық округі
Шырғанақ, Қарқара, Талды, Кеңсу, Көкпияз, Қызылжар
Кеген ауданының тұрғындар саны 26 411 адамды құрайды, ауыл және ауылдық округ кескінінде № 3 кестеде көрсетілген.
№ 3 кесте

Ауылдық округ
Халық саны, адам
1
Кеген ауылдық округі
8591
2
Бөлексаз ауылдық округі
824
3
Алғабас ауылдық округі
984
4
Жалаңаш ауылдық округі
4197
5
Жылысай ауылдық округі
1534
6
Қарабұлақ ауылдық округі
1771
7
Қарқара ауылдық округі
1553
8
Саты ауылдық округі
1178
9
Тасашы ауылдық округі
804
10
Тұйық ауылдық округі
884
11
Ұзынбұлақ ауылдық округі
2136
12
Шырғанақ ауылдық округі
1955
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі қызмет түрі - мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту және өнімін өндіруді жүзеге асыру. Ауданда 1557 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде 1090 шаруа қожалық мал шаруашылығымен, 467 шаруа қожалық өсімдік шаруашылығымен айналысады. 187 шаруа қожалығы асыл тұқымды селекциялық дамытуға қатысуда.
2. Мал басын есепке алу, шартты мал басының есебі
Малды бағуға қатысты әр түрлі есептер жасаудың ыңғайлылығы үшін малдың түрлі жануарларын салыстыру немесе соммаландыру үшін шартты бірлік қолданылады.
Шартты мал басы - жануарлардың әр түрлі санаттары мен түрлерін салыстыру үшін пайдаланылатын бірлік. Баламалық жануарлардың азыққа қажеттілігі негізінде анықталады.
Шартты мал басын қайта есептеу коэффиценті № 4 кестеде көрсетілген.
№ 4 кесте
Жануарлардың түрі
Ауыстыру коэффициенті
Ірі қара мал
0,6
Қой мен ешкі
0,1
Жылқы
1
Ауыл және ауылдық округ, иелері кескінінде ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер № 5 кестеде көрсетілген.
№ 5 кесте
Ауыл­дық округ ата­уы
Ірі қа­ра
Бар­лы­ғы
Кә­сі­по­рын­дар­дар­да
Ша­руа қо­жа­лық­та­рын­да
Үй ша­ру­а­шы­лы­ғын­да
Ке­ген
2052
15
760
1277
Ал­ға­бас
2426
835
536
1055
Бө­лек­саз
3607
2627
563
417
Жа­ла­ңаш
2411
5
843
1563
Жы­лы­сай
1554
623
931
Қа­ра­бұ­лақ
892
461
431
Қар­қа­ра
1337
76
298
963
Са­ты
3584
864
2720
Та­са­шы
4055
3206
312
537
Тұй­ық
854
265
589
Ұзын­бұ­лақ
1098
335
763
Шыр­ға­нақ
1183
361
147
675
Бар­лы­ғы
25053
7125
6007
11921
Ауылдық округ атауы
Қой-ешкі
Барлығы
Кәсіпорындардарда
Шаруа қожалықтарында
Үй шаруашылығында
Кеген
34805
9
19324
15472
Алғабас
15094
958
5413
8723
Бөлексаз
4555
3616
939
Жалаңаш
52224
630
36928
14666
Жылысай
17079
11690
5389
Қарабұлақ
17041
10943
6098
Қарқара
9201
4983
4218
Саты
10265
2224
8041
Тасашы
11685
4971
6714
Тұйық
1660
387
1273
Ұзынбұлақ
21312
12657
8655
Шырғанақ
5914
2750
3164
Барлығы
200835
1597
115886
83352
Ауылдық округ атауы
Жылқы
Барлығы
Кәсіпорындардарда
Шаруа қожалықтарында
Үй шаруашылығында
Кеген
2723
68
1184
1471
Алғабас
1772
34
808
930
Бөлексаз
1811
1315
496
Жалаңаш
3216
38
1300
1878
Жылысай
2941
1728
1213
Қарабұлақ
1876
631
1245
Қарқара
3444
437
1093
1914
Саты
2430
101
501
1828
Тасашы
2498
186
1076
1236
Тұйық
1288
530
758
Ұзынбұлақ
1812
803
1009
Шырғанақ
1664
204
1460
Барлығы
27475
864
11173
15438
3. Геоботаника
Қазақстанның жер қорын табиғи - ауылшаруашылық аудандастыру" схемасына сәйкес Кеген ауданының аумағын зерттеу Орта Азия таулы аймағында, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань округтерінде орналасқан. Ауданның топырақ жамылғысы гетерогенді, бұл геоморфологиялық құрылым мен таулардың биіктік белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты.
Топырақ-климаттық белдеудің температурасының төмендеуімен және атмосфералық жауын-шашынның жоғарылауымен, қысымның төмендеуімен, сондай-ақ ультракүлгін радиацияның жоғарылауымен байланысты.
"Қазақстанның таулы және тау бөктеріндегі аймақтарының жүйелік тізімі мен негізгі диагностикалық көрсеткіштеріне" сәйкес Кеген ауданының жерлерінде топырақтың келесі түрлері анықталды.
-Субальпілік шымды- сазды;
- Субальпілік дала - сазды;
- Қара-қоңыр;
- Шалғынды қара сарғылт;
- Шалғынды батпақты қара сарғылт;
- Шалғынды ашық қоңыр;
- Сұрқоңыр сортаң;
- Сұр қоңыр сортаң.
Кеген ауданында далалық зерттеу материалдары бойынша өсімдіктің 154 астам түрі бар. Көп жылдық өсімдіктердің 99 түрі, астық тұқымдастардың -33 түрі, бұршақ тұқымдас - 12 түрі, бұталы шөптер - 6 түрі өседі.
Кеген ауданының аумағында табиғи жағдайлардың әр түрлілігі байқалуына байланысты далалық өсімдіктерден басқа Қарқара, Кеген, Талды, Шырғанақ, Иірсу, Кеңсу, Орта Меркі, Шет Меркі т.б. өзендерінің алқабында шалғынды өсімдіктердің тобы кең таралған.
Жайылымдар жүйесіз жаюға тап болған және жиі жаю салдарынан жоғарыда аталған астық алқаптарының өсімдік жамылғысы түр өзгертеді. Құңды дала дақылдары жаюға ең бейімделмеген ретінде шөп құрамынан шығып қалады, өсімдік жамылғысында арам шөптер мен жусан өсіп кетеді. Дақылдардан жаюға ең төзімді бетеге: ол малдың таптауынан кейін жақсы өседі. Рационалды емес жаю салдарынан жайылымдардың өнімділігі төмендейді. Пайдалану маусымы қысқарады. Дақылдардың әр түрлерінен тұратын шөптің сапалы құрамын сақтау үшін астық алқаптарын жайылым айналымы жүйесінде малдың қалыпты жүктемесімен пайдалану қажет. Осындай жайылымдарда жаюды реттеу, айдау жүйесін енгізу қажет.
Геоботаникалық зерттеу нәтижесінде жайылымдық алқаптар рационалды емес пайдаланылатындығы анықталды, бөлек жайылымдар, ауытқу деңгейінде жойылады. Елді мекендер жанындағы жайылымдар, малды суару орындары айналасындағы жайылымдар толық жарамсыздыққа келтірілген және жаюға пайдалануы мүмкін емес. Жайылымдарды пайдалануда малды құрғамаған топырақта жаю рұқсат етілген, оның нәтижесінде төмпешіктер пайда болады. Жайылымдардың көпшілік шөптері жүйесіз көп жаю салдарынан жусанның және шөптің қатты сабақты нашар желінетін шөбімен өсіп кеткен, нәтижесінде олардың астық құңдылығы күрт төмендеді, бірлік алқабынан жайылымдардағы құрғақ желінетін өсімдік массасының өнімділігі төмендейді. Жайылымдарды пайдаланудың маусымы қысқарады. Кеген ауданында дала зонасында табиғи жайылымдарды пайдаланудың оңтайлы мерзімі көктемгі, жазғы, күзгі кезең. Көктемнен мал дәнділерді және ерте гүлдейтін шөпті жейді, содан жаюдан кейін дәнділер қайта өседі, көрпекөк береді және оны қайта басады.
Жайылымдар мен шабындықтарды рационалды пайдалану аса маңызды жайылымдық алқаптарды дұрыс пайдалануда олардың өнімділігі қатты өседі.
4. Мал азығы
Мал азығы өндірісі - ауыл шаруашылығының көп қызметті және байланыстырушы жетекші саласы, көп жағдайда мал шаруашылығы жағдайын анықтайды және өсімдік шаруашылығының, өсімдік шаруашылығының одан әрі дамуының, рационалды түрде табиғат пайдаланудың, ауа-райының және жағымсыз процесстердің әсеріне агро жүйелердің және агроландшафттардың тұрақтылығын арттырудың, маңызы бар ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтаудың және топырақтың өнімділігін арттырудың, аудан аумағының экологиялық жағдайын жақсартудың және қоршаған ортаны қорғаудың басты проблемаларын шешуге маңызды әсерін тигізеді.
Кеген ауданының аумағында жануарлардың негізгі қорегі жайылымдық, астық, табиғи және себілген шабындықтардың шөбі болып табылады. Ірі қара малдың бір басына 2,5 гектар жайылымнан келеді, ол жасыл массаның орташа өнімділігінде 2 т/га., олар жайылымдық астыққа жануарларды қамтамасыз етеді.
Кеген ауданының аумағындағы астық дақылдарының орташа өнімділігі туралы деректер № 6 кестеде көрсетілген.
№ 6 кесте

Аудан
Дақылдар
Өнімділігі, т/га
1
Кеген
Жемдік азықтар
2
2
Көп жылдық шөптер
3,0
3
Сабан
0,5
4
Табиғи шөптер
2,0
Мал азығы өндірісі саласының негізгі проблемалары:
-Суармалы жерлердің тапшылығы;
-Ауыл шаруашылығы техникаларының ескіруі;
-Табиғи және көп жылдық шөптерден алынатын өнімнің төмендеуі;
-Шаруашылықтардың маусымдық жайылымдарды пайдаланбауы және малдарын қараусыз қалдыруы себебінен шабындық немесе егістік жерлерге жайылуы;
-Жер пайдаланушылардың жер учаскелерін өз мақсатында пайдаланбауы;
5. Жайылым айналымы
Жайылымдардың өнімділігі мен шөп құрамын жақсарту мақсатында жайылым айналымы ұйымдастырылады. Жайылым айналымы - шөпті жаңарту мен жақсарту бойынша басқа да іс-шаралармен бірлескен жеке учаскедегі жылдар бойынша малды бағу, демалу және шөп оруды кезекшілеу тәсілімен жайылымдар өнімділігін арттыруға бағытталған жайылымды пайдалану және оған күтім жасау жүйесі.
Жайылымдардың өнімділігін арттыруда табын мен отар учаскелерін, жазғы лагерьлердерін, су кешендерін және мал айдайтын жолдарды орналастырудан тұратын олардың аумағын дұрыс ұйымдастыру маңызды рөлге ие.
Табиғи жайылымдарда № 7 кестеге көрсетілген келесі мерзімдермен төрт танапты жайылым айналымын ұйымдастыру қарастырылады.
№ 7 кесте
Жылдар
Жайылымдарға малдарды айдап шығару және жайылымдардан қайтару мерзімдер
Көктем
Жаз
Күз
Қыс
2025
Наурыз айының ІІ -ші он күндігі Мамыр айының ІІ-ші он күндігі
Мамыр айының ІІ-ші он күндігі Қазан айының ІІ-ші он күндігі
Қазан айының ІІ-ші он күндігі Қараша айының ІІІ-ші он күндігі
Қараша айының ІІІ-ші он күндігі Наурыз айының ІІ-ші он күндігі
2026
Наурыз айының ІІ -ші он күндігі Мамыр айының ІІ-ші он күндігі
Мамыр айының ІІ-ші он күндігі Қазан айының ІІ-ші он күндігі
Қазан айының ІІ-ші он күндігі Қараша айының ІІІ-ші он күндігі
Қараша айының ІІІ-ші он күндігі Наурыз айының ІІ -ші он күндігі
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
№ р/с
Ауылдық округтер атауы
Шалғайдағы жайылымдарға малдарды айдап шығу графигі
Шалғайдағы жайылымдардан малдарды қайтару мерзімі
1
Кеген ауылдық округі
Мамыр айының III-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
2
Бөлексаз ауылдық округі
Мамыр айының III-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
3
Қарқара ауылдық округі
Мамыр айының III-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
4
Тасашы ауылдық округі
Мамыр айының III-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
5
Тұйық ауылдық округі
Мамыр айының III-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
6
Шырғанақ ауылдық округі
Мамыр айының III-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
7
Алғабас ауылдық округі
Мамыр айының II-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
8
Жалағаш ауылдық округі
Мамыр айының II-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
9
Жылысай ауылдық округі
Мамыр айының II-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
10
Қарабұлақ ауылдық округі
Мамыр айының II-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
11
Саты ауылдық округі
Мамыр айының II-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
12
Ұзынбұлақ ауылдық округі
Мамыр айының II-ші он күндігі
Қыркүйек айының II-ші он күндігі
Ауылдық округ кескінінде ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жастық-жыныстық топтары бойынша табын, отарлар саны туралы деректер №8 кестеде көрсетілген.
№ 8 кесте

Ауылдық округ атауы
Табындар, отарлар саны
1
Кеген
32
2
Алғабас
12
3
Бөлексаз
11
4
Жалаңаш
35
5
Жылысай
36
6
Қарабұлақ
25
7
Қарқара
20
8
Саты
13
9
Тасашы
16
10
Тұйық
10
11
Ұзынбұлақ
29
12
Шырғанақ
45
Барлығы:
284
6. Суат, суат кестесі
Суат пунктері жануарлардың бағу саны топтарын және түрлерін, учаскелерді пайдаланудың маусымдылығын, жергілікті жердің рельефін және т.б. есепке ала отырып орналастырылады. Су көздерін орналастыруда су айдынына ыңғайлы жетеберіс пен санитарлық-профилактикалық қағидаларын есепке алу қажет. Осы мақсаттарда су көздерін батпақ, су басатын және лас учаскелерде орналастыруға жол бермеу, сонымен бірге бір суат пунктінен 300 бас ірі қара малдың немесе 2500 қойдың қызмет көрсетілуін жобалау. Ең жақсысы егер жануарлар суға бос қол жетімділікті және кез-келген уақытта ішуі болса. Жайылымдық сумен қамтамасыз етудің ең үздік көздері өзендер, көлдер мен ағын суымен бұлақтар. Мал түрі және жыл маусымы бойынша суға қажеттілік есебі жануарлардың белгілі бір тұқымы үшін орнатылған су пайдалану нормалары бойынша жасалады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша су пайдаланудың орташа тәуліктік нормасы бекітілді.
-ірі қара мал және жылқы үшін 45-60 литр;
-1-2 жастағы жас мал үшін 25-35 литр;
-бір жылдан жас мал үшін 10-15 литр;
-қой мен ешкі үшін 3-5 литр;
-қозы-лақ үшін 1-2 литр.
Жайылым мен сиырлар үшін су айдынына дейінгі рұқсат етілетін қашықтық – 1,5 км, бұзаулар үшін 1 км, ірі қара малдың жас малы үшін – 2,5 км, қой мен ешкі үшін – 3 км, жылқы мен түйе үшін 4,6 км.
Кеген ауданының жайылымдық жерлері сумен толығымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бұлақтар, тоғандар және т.б. бар.
Мал айдау жолдарының құрылуы. Малдың қысылмауы мен жамырамауы үшін жолдардың қажетті ені болуы тиіс. Жолдардың ені 100 бас ірі қара малға 20-25 м, бір жасқа дейінгі жас малға 10-15 м, жылқылар табыны 15-20 м, қой мен ешкі отары үшін 30-35 м.
Мал айдау жолдары ауыл шаруашылығы дақылдарының егінін және табиғи шөптерді басып тастауды алдын алуды қарастырады.
Жайылым алқаптарда мал айдау жолдары табын (отар) учаскелерінің, жайылым айналымының шекараларымен бірлесуі тиіс.
7. Мал айдау жолдарын орналастыру
Мал жаю орындарына, суат көздеріне, лагерьлерге, фермаларға, қашадан қашаға малды айдау үшін малды айдау жолдары жобаланады.
Мал айдау жолдары көбірек алаңға қызмет көрсету және жайылымдардың тұрақ орындары мен мал суаттарымен қысқа байланысты және ыңғайлылықты құру есебімен орналастырылады. Тікелей желілі, иілімдер мен бұрылыстарсыз, бұрылыстардың доғал бұрыштарымен мал айдау жолдары басымды. Мал айдау жолдарын мүмкіндігінше өзендерді, бұлақтарды, орларды кесіп өтпейтіндей, батпақ орындарынан, балкалар жиегінен және терең сайлардан олардан өту жолдарын жабдықтамайсыз, балканың өзек табанынан өтпейтіндей орналастыру қажет.
Мал айдау жолдарының ені жануарлардың түрлеріне, табын мен отардың көлемі, сонымен бірге топырақтың механикалық құрамы, шөптің қалыңдығы және эрозиялық процесстердің деңгейіне байланысты. Мал айдау жолдарын жол желісімен біріктіруге тыйым салынады, әсіресе аудандық және облыстық жолдармен.
Қажеттілік болғанда мал айдау жолдарын тіке төсеу мен оларды таптау үшін шөптермен шалғындандыру қарастырылады. Мал айдау жолдары мал шаруашылығы изоляторларынан, мал қорымдарынан, елді мекендерден 2-3 км, жүретін жолдардан 1,0-1,5 км және көп жылғы отырғызулардан 0,5-1,0 км жақын емес қашықтықта жобалануы тиіс. Табиғат түйсігіне байланысты жануарлар мал бағуда таңертеңгі сағаттарда шығысқа, кешкі сағатта күннің батуына қозғалуды қалайды.
8. Ветеринариялық объектілер
Жазғы лагерлерді жануарларды айдаудың рұқсат етілетін қашықтығынан асатын фермалардан жайылым учаскелерінің алыс орналасуында ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында орналастыру белгіленеді. Осылайша малды күнделікті фермаға айдамайды, бүкіл жайылым маусымында жазғы лагерьлерде ұстайды. Жазғы лагерь – бұл маусымғы өндірістік орталық. Ол жануарлардың демалу, оларды сою мен тамақтандыру және басқа да өндірістік процесстерді өткізу орны болып табылады. Лагерьлерде олардың мақсаты мен жануарлардың түрлеріне байланысты бастырма салынады, тұрғын үй, азық-түлікті және астық сақтау, жануарлардың жасанды ұрықтандыру үшін құрылыстар салынады. Жазғы лагерь үшін орынды таңдауда:
1) жайылымға және қайта малды айдау, және лагерь жанындағы егін айналымынан жасыл массаны тасымалдау минималды болуы үшін оны астық массивінің орталығында орналастыру қажеттілігі;
2) орналасуы малды суаруды ұйымдастыру үшін ыңғайлы болуы тиіс, су айдыны (көл, бұлақ) жанында мүмкіндігінше орналасу бірақ табиғат нормаларымен белгіленген қашықтықта;
3) лагерьге арналған алаңды биіктеу және құрғақ орында, атмосфералық сулардың ағуы үшін кішкене еңкеюі (2° дейін) бар санитарлық-гигиеналық қатынаста жағымды, өндірістік кещендерді салу үшін жер асты суларының терең орналасуы;
4) лагерьдің жануарлардың ыстықта немесе желдерде демалуы үшін сонымен бірге жақсы үрлеп тұруы қажет салқын желдерден орман немесе бұталар массивімен қорғалуы;
5) шаруашылық орталығымен, әсіресе егер онда сауылмалы сиырларды ұстауда лагерьдің жақсы көлік байланысы, бірақ ол магистральды жолдардан, жұқпалы аурулардың тарауы көздерінен қашықтықта орналасуы қажет.
Кеген ауданының аумағындағы ветеринариялық-санитарлық объектілері туралы деректер № 9 кестеде көрсетілген.
№ 9 кесте
№ р/н
Округ атауы
Бордақылау алаңы
Жасанды ұрықтандыру пункті
Мал қорымдары
Сібір жарасы көмінділері
Ветеринариялық пунктер
1
Кеген
1
1
1
2
Алғабас
1
1
3
Бөлексаз
1
1
4
Жалағаш
1
2
1
1
5
Жылысай
1
1
1
6
Қарабұлақ
1
1
7
Қарқара
1
1
1
8
Саты
1
1
9
Тасашы
1
1
10
Тұйық
1
1
11
Ұзынбұлақ
1
1
12
Шырғанақ
1
1
Барлығы:
1
0
13
4
12
9. Қорытынды
"Жайылымдар туралы" ҚР Заңының 15-бабына сәйкес - ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана, көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі. Жайылымдарды рационалды пайдалану жайылымдардың жоғары өнімділігін алу үшін, ұзақ уақыт бойы шөптің құңды құрамын сақтау, жануарлардың көп көлемін жайылымдық астықпен қамтамасыз ету және мал шаруашылығы өнімінің жоғары көлемін алуға септігін тигізеді. Малды жайылымдық ұстаудың осындай маңыздылығында жайылымдарды ұстау мәселесі жоғары деңгейде өзекті, жайылымдық алқаптардың өнімділігі оларды дұрыс пайдалануда артады. Осылайша бір мал айдау жүйесін қолдануда малды бір алаңда ұстау мүмкіндігі 20-30% көп, ал өткізуде жайылымдарды рационалды пайдаланудың барлық жүйесінің (ағымдағы күтім, жайылым айналымын енгізу, малды жаюдың қаша жүйесін пайдалану) табиғи жайылымдық алқаптардың өнімділігін 2-3 есе арттырады.
Жайылым — жануарлар үшін құңды және арзан жасыл астықтың көзі. Сондықтан оларды рационалды пайдалану – жер пайдаланушылардың маңызды болып есептеледі.
Астық алқаптарын рационалды пайдалануы үшін қажет:
1. Жайылым айналымын игеру және сақтау, қатты тапталған жайылымдарда шөптің толық қалыптасуына дейін малды жаюды тоқтату.
2. Жайылымдар мен егістікте сабаншөп өртеу рұқсат етілмейді, себебі ол флора мен фаунаға зиян келтіреді.
3. Жерлердің шайылудан сақтайтын қорғау рөлін орындайтын ағаштарды жою рұқсат етілмейді.
4. Жайылымның жалпы алаңына рұқсат етілген жүктеменің шекті нормаларын сақтауда жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларын астыққа қажеттілігінен асатын жайылым өнімділігінде астықты дайындау мақсатында шөп оруды жүзеге асыру.
5. Жайылымдарды ұсыну талабына сәйкес жайылымдарды нысаналы мақсаты бойынша рационалды пайдалану.
"Жер қатынастарын реттеу мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды, онда халықты жайылымдармен қамтамасыз ету бойынша нормалары олардың қажеттілігін анықтаумен қарастырылады. Сонымен бірге бүгінгі күні елді мекендер айналасындағы жайылымдардың үлкен бөлігі жеке тұлғалардың меншігі мен жер пайдалануында болуына байланысты әкіммен оларды мемлекеттік мұқтаждығына жайылымдық алқаптарды халық қажеттілігіне жатқызу жолымен алып қою мүмкіндігі берілетін болады. Жер пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейтумен қатар заң жобасы жерлерді, жайылымдарды қоса алғанда пайдалану үшін мемлекеттік бақылауды күшейтуді қарастырады.
Кестеге сәйкес Кеген ауданының аумағында жайылымдардың қамтылғаны байқалады.
№ 10 кесте
Ауыл ата­уы
Жай­ы­лым ала­ңы, нақ­ты, га
Мал ба­сы
1 мал ба­сы­на жүк­те­ме
Жай­ы­лым­ның қа­жет­ті­лі­гі , га
Жай­ы­лым­ның же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, га
ІҚМ
ҰМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰМ
Жыл­қы­лар
Ке­ген
30539
2052
34805
2723
2,5
0,5
3,0
30702
163
Ал­ға­бас
21891
2426
15094
1772
2,5
0,5
3,0
18928
-
Бө­лек­саз
5208
3607
4555
1811
2,5
0,5
3,0
16728
11520
Жа­ла­ғаш
20581
2411
52224
3216
2,5
0,5
3,0
38174
17593
Жы­лы­сай
20931
1554
17079
2941
2,5
0,5
3,0
21248
317
Қа­ра­бұ­лақ
25404
892
17041
1876
2,5
0,5
3,0
16379
-
Қар­қа­ра
11859
1337
9201
3444
2,5
0,5
3,0
18275
6416
Са­ты
8876
3584
10265
2430
2,5
0,5
3,0
21383
12507
Та­са­шы
11141
4055
11685
2498
2,5
0,5
3,0
23474
12333
Тұй­ық
3887
854
1660
1288
2,5
0,5
3,0
6649
2762
Ұзын­бұ­лақ
27385
1098
21312
1812
2,5
0,5
3,0
18837
-
Шыр­ға­нақ
10945
1183
5914
1664
2,5
0,5
3,0
10907
-
Барлығы:
198647
25053
200835
27475
2,5
0,5
3,0
241684
63611
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітілді.
Ауданда жайылымдар жүктемесі бойынша 63 611 га жер қажет. Аудан бойынша 198 647 га жайылымдық жер және орман шаруашылығында 39 597 га жайылымдық жер, барлығы 238 244 га жайылымдық жер бар..
"Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабы 2 тармағына сәйкес, ауылдық округ әкімдері:
1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
2) Жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
3) Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қамтамасыз ету;
4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды өздерінің интернет-ресурстарына орналастыру;
5) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
6) Ауданның жергілікті атқарушы органына тапталған және тозған жайылымдар туралы ақпарат беру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздерінің қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешу.
Кеген ауданы халқының аулалардағы жануарларының жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қамтамасыз ету мақсатында, бос жайылымдық жерлер, оның ішінде босалқы жерлерді 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге резервке қою туралы аудан әкімінің 2021 жылғы 06 мамырдағы № 132 қаулысына сәйкес жұмыстар атқарылсын.
Кеген ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 "Жер кодексі" 93-94 бабтарына сәйкес, жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүйелі түрде жүргізілсін.
Кеген ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу ережесі бойынша жұмыстар атқарылсын.
-Ауыл шаруашылық жануарлары арнайы жабдықталған жабық орындардан және жеке тұрғын үйлерден, стадионнан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпқабатты үйлерден, көпшілік дем алатын жерлерден, табиғи және жасанды су айдындарынан, артезиандық құдықтардан қолданыстағы нормаларға сәйкес қашықтықта ұстау туралы жұмыстарды жүргізу;
Ауылдық округ әкімдерінің міндеті:
1) Елді мекендерде жайылым аумағын белгілеу;
2) Елді мекендерде ауыл шаруашылық жануарларын бағу жұмыстарын ұйымдастыру (бада-кезектерді ұйымдастыру, малды бағуға бақташы табуға, мал иелері есебінен еңбек ақысын төлеу үшін келісім-шарт жасау);
3) Қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларының уақытша қамайтын жерін және тұрағын анықтау;
Ауыл шаруашылық жануарлары иелеріне рұқсат етілмейді:
1) Ауылдық округтердің тұрғын аймағында, көшелерде, саяжайларда және басқа да қоғамдық орындарда ауыл шаруашылық жануарларын бағуға немесе қараусыз қалдыруға;
2) Ауыл шаруашылық жануарларын адамдар дем алатын басқа да табиғи және жасанды су айдындарына жақын бағуға;
3) Қоршаған ортаны ластауға;
4) Ауыл шаруашылығы жануарларының мүрдесін лақтыруға немесе жерге көмуге рұқсат етілмейді;
5) Жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзуға (ауыл шаруашылығы жануарларын жолдардың бойында бағуға, иесінің қарауынсыз жолдардан өткізуге, ауыл шаруашылығы жануарларының иесі немесе бақташысы бола тұра жолдың үстінде бағуға);
6) Ауыл шаруашылығы малдарын егістік, шабындық алқаптарда бағуға рұқсат етілмейді:
Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің құқығы
1) Материалдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтеуі үшін сотқа шағымдануға құқылы.
2) Кез-келген ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің меншігі болып табылады және меншік түрі болғандықтан заңмен қорғалады.
Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің міндеттері
1) Ауыл шаруашылық жануарларына жанашырлықпен қарау, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес асырау, ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсету;
2) Ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша уақытында ауыл шаруашылық жануарларына диагноз қоюға, зерттеуге, емдеуге, қарауға, аурудың алдын алу үшін ветеринариялық мамандарға апару немесе шақыртуға жағдай жасау;
3) Барлық жануарларға паспорт алуды және бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
4) Олардың тұратын және жайылатын орындарын тиісті санитарлық жағдайда ұстау, үнемі дезинфекция жасау. Жем-шөптің қалдығын және қоқыстардан таза ұстау;
5) Ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдырмау, жасыл –желектерге зиян келтіруді;
6) Адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау;
7) Ауыл шаруашылық жануарларын сатып алғанда, жоғалтқанда немесе өлгенде ол туралы уақытында ветеринария саласындағы өкілетті органға хабарлау;
8) Ауыл шаруашылық жануарлары адамға немесе басқа жануарға зақым келтірген жағдайда таяу маңдағы медициналық мекемелерге, ветеринариялық мамандарға хабарлау;
9) Жануарлардың мүрдесін алып кету және жою үшін уақытында ауылдық округ әкімдіктеріне және ветеринариялық маманға хабарлау.
Ауыл шаруашылық жануарларын ұстаудың міндетті шарттары:
1) Ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша жыл сайын ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату және паразитарлық ауруларға қарсы жоспарлы алдын-алу шараларын жасау.
2) Уақытында бірдейлендіру жүргізу, ветеринарлық паспортты ресімдеу;
3) Екі ай мерзім ішінде жаңа туылған және сатып алынған ауыл шаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы өкілетті органда қаралуға және тіркелуге тиіс;
4) Санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау;
Қараусыз ауыл шаруашылық малдарын және басқа да үй немесе қолға үйретілген жануарларды ұстаушы оларды меншік иесіне қайтаруға міндетті, ал егер ол немесе оның тұрғылықты жері белгісіз болса, ұсталғаннан 3 күннің ішінде ұсталған жануарлар туралы ішкі істер органына немесе әкімнің аппаратына хабарлау керек, олар иелерін іздеуге шаралар қолданады. Иесін іздеген кезеңде жануарлар әкімнің өкімімен анықталған уақытша орындарға қамалады. Қараусыз жануарларды уақытша ұстау орындарына тасымалдауды ұйымдастыру Кеген ауданындағы ауылдық округ әкімі аппаратына, ветеринар мамандарға және ұстаушы адамға жүктеледі.
Қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы малдарын ұстаушы, жануарларға шөп, су беруге міндетті.
Қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларын уақытша белгіленген орындарда ұстауы және иелеріне қайтарылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің "Қараусыз жануарлар" 246 бабына сәйкес, қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлардың иелеріне "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚР Заңының 408-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының басқада заңнамаларына сәйкес қаралады.
Жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспарды және ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу ережесінің орындалуын бақылау
Кеген ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Кеген аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, ауылдық округ әкімдері, Кеген ауданының "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, «Алматы облыстық ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринарлық пунктері бар Кеген ауданының ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жүктеледі.
Кеген ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Өмірзақов
Кеген ауданының "Жер қатынастыры бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Чалгинбеков
"Алматы облысының ветеринария
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
"Ветеринариялық пунктері бар Кеген
ауданының ветеринариялық станциясы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның
директоры Қ. Төкенов

Қолданыстағы