Құжат мәтініне өту

Об определении сроков начала и завершения 2025-2026 учебного года, а также сроков проведения итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования

Бұйрық · № 174 · қабылданған 05.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-2026-ekb-213189/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении сроков начала и завершения 2025-2026 учебного года, а также сроков проведения итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования Қолданыста Бұйрық ·№ 174 ·05.08.2025
05.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков начала и завершения 2025-2026 учебного года, а также сроков проведения итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 174 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков начала и завершения 2025-2026 учебного года, а также сроков проведения итоговой аттестации обучающихся в организациях среднего образования
Атауы (қаз.)
Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
174
Қабылданған күні
05.08.2025
Қолданысқа енгізілген күні
24.08.2025
Көрсетілген редакция
05.08.2025 213189_770104.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25HP000174
ЭКБ идентификаторы
213189
Редакция идентификаторы
213189_770104
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:56

0 Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының

басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:

2025 жылғы 1 қыркүйек – 2026 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы 27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн (2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы 9-15 ақпанды қоса алғанда):
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

2 2. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;
11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында.

3 3. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:

9 (10)-сынып оқушылары үшін:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;
2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 3 маусым;
3) қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2026 жылғы 8 маусым;
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 11 маусым.
11 (12)-сынып оқушылары үшін:
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2026 жылғы 2 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 5 маусым;
3) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытатын мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан– 2026 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2026 жылғы 12 маусым;
5) өзбек/ұйғыр/тәжік/орыс тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2026 жылғы 15 маусым.

4 4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы