Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Карагандинской области на 2025-2027 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории Карагандинской области на 2025-2027 годы
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 70/02
- Қабылданған күні
- 13.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2024 204051_739195.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24K007002A
- ЭКБ идентификаторы
- 204051
- Редакция идентификаторы
- 204051_739195
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:52
0 Қарағанды облысының мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 06 қараша 2024 жылғы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.
2 2. «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қарағанды облысының аумағында ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Қарағанды облысы әкімдігінің
2024 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 70/02 қаулысына
қосымша
Қарағанды облысының аумағында ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
1
1. Қарағанды облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2
2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) құны осы бұқаралық ақпарат құралдары әрбір түрі үшін осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады.
3 3. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1 1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;
Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір шаршы сантиметрі үшін базалық баға;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5.
2 2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалды журналдарда орналастыру құны;
Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір шаршы сантиметр үшін базалық баға;
V – шаршы сантиметрмен есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4 4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;
V – символмен есептелетін, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам болса – 1,4.
5 5. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосымша құн салығы есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевизияда орналастыру құны;
Btv – телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;
V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін, телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.
Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.
6 6. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;
Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнадағы аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;
V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.
1 Қарағанды обысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтерге базалық бағалар
Қарағанды облысының аумағында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу жөніндегі 2025-2027
жылдарына мемлекеттік тапсырысты
жүзеге асыру үшін сатып
алынатын, көрсетілетін
қызметтердің құнын айқындаудың
әдістемесіне қосымша
Қарағанды обысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі 2025-2027 жылдарына мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтерге базалық бағалар
№
Қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
2025 жылға базалық баға (теңге)
2026 жылға базалық баға (теңге)
2027 жылға базалық
баға
(теңге)
1
Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттерде) орналастыру (Bn)
шаршы сантиметр
1315
1407
1505
2
Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (журналдарда) орналастыру (Bm)
шаршы сантиметр
56,5
60
64
3
Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру (Bi)
символ
170
181
193
4
Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды міндетті теле -, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда (сюжеттер, бағдарламалар), телевизияда орналастыру (Btv)
минут
610 000
652 700
698 389
5
Қарағанды обылысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда орналастыру (Btv)
минут
18 875
20 196
21 609
6
Балқаш және Теміртау қалалары аумағында ұлттық телерадио хабар тарату операторы арқылы таралатын, еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде және Қарағанды облысы аумағында таралатын міндетті телеарналар мен еркін қолжетімді телеарналардың тізбесіне кірмейтін телеарналарда (Btv) ақпараттық материалдарды дайындау (жасау және құру) және орналастыру (сюжеттер, бағдарламалар).
минут
5 890
6302
6741
7
Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және оларды радиода орналастыру (Br)
минут
19 455
20 816
22 273