Об утверждении размеров таргетируемой убыточности и фактора достоверности, используемых для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств», на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размеров таргетируемой убыточности и фактора достоверности, используемых для расчета страховой премии по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств», на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының 2025 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 71
- Қабылданған күні
- 29.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2024 200437_718293.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G2400000071
- ЭКБ идентификаторы
- 200437
- Редакция идентификаторы
- 200437_718293
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:51
0
«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының 2025 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-5-бабының 18-2) тармақшасына және «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2025 жылға арналған:
1 1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылық 65 (алпыс бес) пайыз мөлшерінде;
2 2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын анықтық факторы 70 (жетпіс) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулы қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;