Об установлении квот рабочих мест в области Ұлытау на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квот рабочих мест в области Ұлытау на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау облысында 2025 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 91/01
- Қабылданған күні
- 12.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2024 204469_734706.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24H009101A
- ЭКБ идентификаторы
- 204469
- Редакция идентификаторы
- 204469_734706
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:55
0 Ұлытау облысында
2025 жылға жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 107-бабына, «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы №207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32737 болып тіркелген) және «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы №446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33564 болып тіркелген) сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлытау облысында 2025 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
3 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
4 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін.
2 2. «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. «Ұлытау облысында 2025 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы
Ұлытау облысы әкімдігінің
«_12_»___желтоқсан___2024 жылғы
№____91/01_____қаулысына
1-қосымша
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының саны
Жезқазған қаласы
1
Ұлытау облысы білім басқармасының «Маруа Құлышева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мекемесі
60
2
1
Сәтбаев қаласы
2
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Сәт Тазалық»
206
3
6
Қаражал қаласы
3
«Karazhal Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
110
3
3
4
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қаражал қаласының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
138
3
4
Жаңаарқа ауданы
5
Шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
385
4
15
Ұлытау ауданы
6
«Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттің ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі
101
3
3
7
Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлытау ауданың орталықтандырылған жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
54
2
1
Барлығы
1054
19
33
1 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындары квотасы
Ұлытау облысы әкімдігінің
«_12_»___желтоқсан___2024 жылғы
№____91/01_____қаулысына
2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналыстыру үшін жұмыс орындары квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
Жезқазған қаласы
1
«ЖезТемірБетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
160
1
2
Қаражал қаласы
2
Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
74
1
1
Жаңаарқа ауданы
3
Жаңаарқа ауданы әкімдігі Жаңаарқа ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің «Тазасу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
74
1
1
Барлығы
308
3
4
2 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы
Ұлытау облысы әкімдігінің
«_12_»___желтоқсан___2024 жылғы
№____91/01_____қаулысына
3-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
Жезқазған қаласы
1
«ЖезТемірБетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
150
1
2
Сәтбаев қаласы
2
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Сәт Тазалық»
206
1
2
3
«Сәтбаев жылу,сумен жабдықтау кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
440
1
4
Қаражал қаласы
4
«Karazhal Operating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
110
1
1
5
Қаражал қаласы әкімдігінің «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
69
1
1
6
Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
74
1
1
Жаңаарқа ауданы
7
Жаңаарқа ауданы әкімдігі Жаңаарқа ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің «Жаңаарқа-Жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
129
1
1
Ұлытау ауданы
8
«Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі
101
1
1
Барлығы
1279
8
13
3 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы
Ұлытау облысы әкімдігінің
«_12_»___желтоқсан___2024 жылғы
№____91/01_____қаулысына
4-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
Жезқазған қаласы
1
Ұлытау облысы білім басқармасының «Маруа Құлұшева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
1
1
Сәтбаев қаласы
2
«Kazakhmys Distribution» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сәтбаев қаласының электржүйелері кәсіпорны
354
1
3
3
«Сәт Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
206
1
2
Барлығы
620
3
6