О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Егиндыкольского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Егиндыкольского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- 2025 жылға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8С25-5
- Қабылданған күні
- 24.12.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2024 204634_735426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24BH08255M
- ЭКБ идентификаторы
- 204634
- Редакция идентификаторы
- 204634_735426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:29
0
2025 жылға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-армағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелді) сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. 2025 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ұсынылсын:
1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.