О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов, сел, поселков, сельских округов (за исключением лиц, занимающих руководящие должности), прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении в 2025 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов, сел, поселков, сельских округов (за исключением лиц, занимающих руководящие должности), прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Жанааркинского района
- Атауы (қаз.)
- Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, (басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда) 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24/152
- Қабылданған күні
- 26.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2024 205532_739439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24HD24152M
- ЭКБ идентификаторы
- 205532
- Редакция идентификаторы
- 205532_739439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:04
0 Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,
ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, (басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда) 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 5 тамыздағы № 63 бұйрығы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» (бұдан әрі - Бұйрық) және 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекiту туралы» бұйрықтарына сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1
1. Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада; ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау шаралары 2025 жылы берілсін.