О предоставлении мер социальной поддержки на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- 2025 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/27
- Қабылданған күні
- 26.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2024 205621_737692.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24LI02527M
- ЭКБ идентификаторы
- 205621
- Редакция идентификаторы
- 205621_737692
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:03
0 2025 жылға арналған әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8, 9-тармақтарына, және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. 2025 жылы Шиелі ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:
1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада; ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада келген мамандар үшін бюджеттік кредит.