Құжат мәтініне өту

О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2025 году

Өзге акт · № 3-24 с · қабылданған 25.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-ekb-206349/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2025 году Қолданыста Өзге акт ·№ 3-24 с ·25.12.2024
25.12.2024 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2025 году

Қолданыста Өзге акт ·№ 3-24 с · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Уалихановского района в 2025 году
Атауы (қаз.)
2025 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3-24 с
Қабылданған күні
25.12.2024
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2025
Көрсетілген редакция
25.12.2024 206349_759138.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24SM00324M
ЭКБ идентификаторы
206349
Редакция идентификаторы
206349_759138
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:20

0 2025 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне

жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы
және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды
көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу  туралы» Заңының 18-бабы  8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. 2025 жылы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56-бабының 12-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып:

1 1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің 1- тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.

3 3. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы