Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий в городе Шымкент на 2025 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий в городе Шымкент на 2025 год
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 348
- Қабылданған күні
- 03.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2025 206951_743201.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25E0023017
- ЭКБ идентификаторы
- 206951
- Редакция идентификаторы
- 206951_743201
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:14
0 Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесін
және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары
Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 3 ақпандағы
№ 348 қаулысына қосымша
Шымкент қаласында 2025 жылға басым дақылдар тiзбесі
және субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өлшем бірлігі тонна, гектар
Субсидия нормалары, теңге
1
Мақсары (майлы дақыл түрінде өсіріп-өндіру)
тонна
20 000
2
Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс
гектар
8 148 120,0
3
Фермерлік жылыжайдағы көкөніс
гектар
4 858 142,8