Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2025 год

Қаулы · № 21 · қабылданған 05.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-ekb-207074/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2025 год Қолданыста Қаулы ·№ 21 ·05.02.2025
05.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2025 год

Қолданыста Қаулы ·№ 21 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2025 год
Атауы (қаз.)
2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
05.02.2025
Көрсетілген редакция
05.02.2025 207074_743964.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25G0525908
ЭКБ идентификаторы
207074
Редакция идентификаторы
207074_743964
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:13

0 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бектілсін.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі

Жамбыл облысы әкімдігінің
2025 жылғы «__»_________
№ ___ қаулысына 1-қосымша
2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі

Басым дақылдар атауы
1
Қант қызылшасы
2
Дәндік жүгері
3
Майлы дақылдар:
-
оның ішінде күнбағыс
-
оның ішінде мақсары
4
Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер
5
Фермерлік жылыжайдағы көкөністер

10 2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары

Жамбыл облысы әкімдігінің
2025 жылғы «__»_________
№ ___ қаулысына 2-қосымша
2025 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары

Басым дақылдар атауы
Өлшем бірлігі
тонна, гектар
Субсидия нормасы, теңге
1
Қант қызылшасы
тонна
25 000
2
Қант қызылшасы
(Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Ақсу қант зауытына тасымалданған өнім үшін)
тонна
45 000
3
Қант қызылшасы
(Қырғыз Республикасында орналасқан Қошой және Қайыңды қант зауыттарына Меркі қант зауыты арқылы жіберілетін өнімнің тасымалдау шығындарын өтеу үшін)
тонна
45 000
4
Дәндік жүгері
тонна
20 000
5
Майлы дақылдар:
тонна
20 000
-
оның ішінде күнбағыс
тонна
20 000
-
оның ішінде мақсары
тонна
20 000
6
Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер
гектар
5 000 000
7
Фермерлік жылыжайдағы көкөністер
гектар
3 000 000

Қолданыстағы