Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2025 год

Қаулы · № 09/01 · қабылданған 14.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-ekb-207123/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2025 год Қолданыста Қаулы ·№ 09/01 ·14.02.2025
14.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2025 год

Қолданыста Қаулы ·№ 09/01 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2025 год
Атауы (қаз.)
2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
09/01
Қабылданған күні
14.02.2025
Көрсетілген редакция
14.02.2025 207123_746469.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25K000901A
ЭКБ идентификаторы
207123
Редакция идентификаторы
207123_746469
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:05

0 2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» заңдарына , Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 532 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы «14» 02__№09/01
қаулысына қосымша
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Топтардың типологиясы
Балалар саны
Бір балаға орташа құны
(айына, цикл үшін)
Ескерту
1
1-топ-сөйлеудің, қозғалыс саласының өрескел бұзылулары бар (өздігінен қозғалатын, ақыл-ойы сақталған); мінез-құлқының бұзылуы мен қиындықтары, психикалық дамуы тежелген, көру қабілеті нашар, есту қабілеті нашар балалар.
Көмек көлемі-минималды:
бір маманның көмегі (логопед немесе психолог немесе дефектолог);
көмек ұзақтығы жылына 90 күннен басталады
50
61240 тенге
(1 айға – 8 сабақ)
551160 тенге
(цикл үшін – 72 сабақ)
27 558 000 тенге
(жалпы сомасы)
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік тапсырыс нормативін есептеу (педагог-дефектологтың қызметі сағатына 1 балаға) 7 655 теңге.
2
2-топ-мүмкіндігі шектеулі, тірек-қимыл аппараты бұзылған (көмекші құралдардың көмегімен қозғалатын, сөйлеу қабілеті бұзылған, бірақ ақыл-ойы сақталған), есту және көру қабілеті терең бұзылған (көрмейтін, естімейтін), сөйлеудің ауыр бұзылулары, жеңіл және орташа дәрежелі интеллект бұзылыстары, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимыл бұзылыстары (аутизм);
Көмек көлемі-орташа:
екі маманның көмегі (логопед және психолог немесе дефектолог және логопед немесе логопед және емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (бұдан әрі – ЕДШ));
көмек ұзақтығы жылына 180 күннен басталады
100
122480 тенге
(1 айға – 16 сабақ)
1102320 тенге
(цикл үшін – 144 сабақ)
110 232 000
тенге
(жалпы сомасы)
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік тапсырыс нормативін есептеу (сағатына 1 балаға 1 маманның қызметі)
7 655 теңге.
2 маманның көмегі қажет
3
3-топ-мүмкіндігі шектеулі, күрделі (аралас) бұзылулары бар балалар, 2 немесе одан да көп бұзылулардың тіркесімі: көру және есту қабілетінің бұзылуы, тірек-қимыл аппараты мен интеллекттің бұзылуы, интеллект пен есту қабілетінің бұзылуы, әлеуметтік өзара әрекеттесудің бұзылуы (аутизм) және интеллекттің бұзылуы және т.б.
Көмек көлемі-максималды:
үш маманның көмегі (логопед, психолог және ЕДШ нұсқаушысы немесе дефектолог, логопед және психолог);
көмек ұзақтығы жылына 180 күннен 270 күнге дейін
150
183720 тенге
(1 айға – 24 сабақ)
1 653480 тенге
(цикл үшін – 216 сабақ)
248 022 000 тенге

(жалпы сомасы)
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік тапсырыс нормативін есептеу (сағатына 1 балаға 1 маманның қызметі) 7 655 теңге.
3 маманның көмегі қажет
БАРЛЫҒЫ
300
385 812 000 теңге

Қолданыстағы