Құжат мәтініне өту

Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на первый квартал 2025 года

Қаулы · № 32 · қабылданған 13.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2025-ekb-207153/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на первый квартал 2025 года Қолданыста Қаулы ·№ 32 ·13.02.2025
13.02.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на первый квартал 2025 года

Қолданыста Қаулы ·№ 32 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары на первый квартал 2025 года
Атауы (қаз.)
2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
32
Қабылданған күні
13.02.2025
Көрсетілген редакция
13.02.2025 207153_744915.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25T000032A
ЭКБ идентификаторы
207153
Редакция идентификаторы
207153_744915
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:06

0 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Атырау облысы
әкімдігінің 2025 жылғы 13
ақпандағы № 32 қаулысына
қосымша
2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№ п/п
Тауар атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы, теңге
1
Бірінші сортты бидай ұны
1 (бір) килограмм
271
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
1 (бір) килограмм
279
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
428
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
550
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
1 (бір) килограмм
556
6
Картоп
1 (бір) килограмм
282
7
Асханалық сәбіз
1 (бір) килограмм
245
8
Басты пияз
1 (бір) килограмм
228
9
Ақ қауданды қырыққабат
1 (бір) килограмм
242
10
Ақ қант - құмшекер
1 (бір) килограмм
511
11
Күнбағыс майы
1 (бір) литр
899
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
1 (бір) килограмм
3174
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
1 (бір) килограмм
1803
14
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
1 (бір) килограмм
6367
15
Тауық жұмыртқасы (I санатты)
ондық
758
16
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа)
1 (бір) килограмм
142
17
Сүзбе: майлылығы 5 – 9%
1 (бір) килограмм
2353

Қолданыстағы